Биыл есірткі қылмыстары үшін 19 жасөспірім ұсталған

ІІМ ата-аналарға үндеу жасады

Мәди Саматұлы

  • 18.05.2024

Жастар есірткі таратудың және жарнамалаудың құқықтық салдары туралы білсе де, олардың кейбірі есірткінің заңсыз айналымынан бас тартар емес. Сондықтан нашақорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыруда отбасының айрықша рөлін ескере отырып, ІІМ ата-аналарға жазғы демалыс қарсаңында балалар өміріне барынша көңіл қою керектігін ескертеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша, өз балаларыңыздың араласатын ортасын білу, олар пайдаланатын интернет-ресурстарды бақылау аса маңызды. Заттарының ішінен медициналық препараттардың қорабын, фольга немесе шыны түтікшелер байқалса, елеусіз қалдырмау керек. Мұның бәрі синтетикалық есірткі тұтынуға арналған болуы әбден мүмкін.

Сонымен қатар, оның айтуынша, сабақтағы үлгерімінің нашарлауы, сабаққа бармауы және араласатын ортасының өзгеруі ата-ана назарынан тыс қалмауы керек. Агрессия, аяқ астынан көңіл күйінің өзгеруі, шаршаңқы күйге жиі түсуі де есірткі тұтынып жүргенінің белгілері болуы ықтимал. Баланың бойынан үш немесе одан да көп осындай белгілер байқалса, тез арада шара қолдану қажет.

Ақша жұмсауы жиілесе немесе қаражаты көп болса, бұл да алаңдауға тұрарлық мәселе. Өйткені баланы есірткі тұтынуға ғана емес, оны таратуға да тартуы мүмкін. Егер баланың телефоны мен мессенджерлерінен геолокация көрсетілген суреттер, үй қабырғалары мен бағандардағы штамптарды байқасаңыз, бұл да күмән тудыратын жайт. Себебі онда есірткі жасырылған жерлер көрсетілуі мүмкін, дейді Шыңғыс Әлекешев.

Одан бөлек, министрлік өкілі нөмірлер мен түрлі сайттардың сілтемесі жазылған тізімге, изолентаға оралған заттарға да назар салу керек екенін айтады.

Жалпы, есірткі қылмыстары үшін жауапкершілік 16 жастан басталады.

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

16.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

10.05.2025

АҚШ-тағы Қазақстан елшілігі заңсыз жүрген азаматтарға үндеу жасады

07.05.2025

Талғардағы жалғыз стадион жеке адамға беріле ме? Тұрғындардың шуынан соң әкімдік жауап берді

06.05.2025

Кімдер мерзімінен бұрын бостандыққа шығады?

03.05.2025
MalimBlocks
Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

АҚШ-тағы Қазақстан елшілігі заңсыз жүрген азаматтарға үндеу жасады

Талғардағы жалғыз стадион жеке адамға беріле ме? Тұрғындардың шуынан соң әкімдік жауап берді

Стадион апатты жағдайда тұр

Кімдер мерзімінен бұрын бостандыққа шығады?