Бөтен адамның ЭЦҚ-сын қолданғандар жазаға тартылады

Жаңа ереже 13 наурыздан бастап күшіне енді

Malim Админ

  • 17.03.2025

Енді жеке және заңды тұлғалардың дербес деректерді қорғау және электрондық цифрлық қолтаңба салаларындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімі құқық бұзушылық жасалған күннен бастап екі айдан бір жылға дейін ұзартылды. Бұл туралы ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі мәлім етті.


Жаңа нормалар 2025 жылғы 13 наурыздан бастап күшіне енді.

Жеке деректер және оларды қорғау туралы заңнаманы бұзу, атап айтқанда, дербес деректерді заңсыз жинау, өңдеу және оларды қорғау шараларын сақтамау үшін ҚР ӘҚБтК-нің 79-бабы бойынша әкімшілік айыппұлдардың мөлшері үш есе ұлғайтылады. Бұрын айыппұлдар құқық бұзушылықтың құрамына және кәсіпкерлік субъектісінің санатына байланысты 10-нан 1000 АЕК-ке дейін өзгеріп отырған. Енді олар 30-дан 2000 АЕК-ке дейін ұлғайтылады, — делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 640-бабы бойынша жаңа әкімшілік құқық бұзушылық түрі күшіне енеді. Яғни, басқа адамның ЭЦҚ кілтін пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылады.

Бұған дейін әкімшілік жауапкершілік тек ЭЦҚ кілтін үшінші тұлғаларға заңсыз беру және оны қорғау бойынша тіркеу куәлігінің иесі тарапынан қажетті шараларды қабылдамау жағдайларына ғана қолданылатын. Енді өзгерістер күшіне енгеннен кейін, ЭЦҚ-ны заңсыз берген де, оны пайдаланған тұлғалар жауапкершілікке тартылады, — деп хабарлады ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметінен.

Қабылданған шаралар азаматтардың жеке деректерін қорғауды күшейтуге, электронды цифрлық қолтаңбаны пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ЭЦҚ-ға байланысты алаяқтық әрекеттерді азайтуға, сондай-ақ ақпараттандыру саласындағы бұзушылықтар үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған.

Фото: gov.kz


 

Байланысты жаналықтар

Жеңіс саябағында билеген оқушы қыздар жазаланды

08.05.2025

СҚО-да квадроциклмен қап тасыған баланың ата-анасына айыппұл салынды

01.05.2025

Ақтауда киімін далаға ілген әйел айыппұл арқалады

29.04.2025

Қазақстанда қытайлық компанияға қомақты айыппұл салынды

28.04.2025

Қостанайда шенеунік боқтағаны үшін жазаланды

26.04.2025

Билеті бар, орын жоқ: жаңа ережені бұзғандарға айыппұл салынады

17.04.2025
MalimBlocks
Жеңіс саябағында билеген оқушы қыздар жазаланды

СҚО-да квадроциклмен қап тасыған баланың ата-анасына айыппұл салынды

Аймақта су тасқынының алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр

Ақтауда киімін далаға ілген әйел айыппұл арқалады

Қазақстанда қытайлық компанияға қомақты айыппұл салынды

Қостанайда шенеунік боқтағаны үшін жазаланды

Билеті бар, орын жоқ: жаңа ережені бұзғандарға айыппұл салынады

Қазақстанда «Овербукинг» үшін жауапкершілік енгізілді. Бұл жайлы Бас прокуратурасы мәлімдеді