Екі күнде 300-ге жуық қылмыскер ұсталды

Ішкі істер министрлігі қылмыскерлерді ұстауға қатысты жедел-профилактикалық іс-шара өткізді.

Malim Админ

  • 30.10.2024

Екі күнде Қазақстан полициясы іздеуде жүрген 280 қылмыскерді ұстады. Олардың қатарында: кісі өлтірген – 9; – денсаулыққа ауыр зиян келтірген – 4; – қарақшылық шабуыл жасаған – 5; – тонаумен айналысқан – 7; – есірткі қылмысына қатысы бар – 19 адам бар. Оның сыртында, басқа елдерде 33 қылмыскер ұсталған. Ал басқа мемлекеттер салған сұраудың негізінде 145 адам қамалған.
Арменияның Ноемберян ауданында 36 жастағы Қазақстан азаматы ұсталды. Ол биыл қыркүйекте Петропавлда бір адамды пышақтаған. 
Павлодар облысы полициясы Ресейдің Орел қаласында 42 жастағы Қазақстан азаматын ұстады. Ол 2017 жылы жергілікті кәсіпкерге дизель отынын жеткіземін деп алдап, 50 млн теңгені алып кеткен.
Алматы полициясы Ташкент облысының құқық қорғаушыларымен бірігіп, іздеуде жүрген 28 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады. Әйел адам 2015 жылы өзінің кәмелетке толмаған қызын өлтірген. 
Қазақстан ІІМ Интерполының сұрауымен Германияның Нюрнберг қаласында еліміздің 42 жастағы азаматы ұсталды. Ол осы жылғы наурызда Павлодар қаласында шетелдік азаматқа астық жеткізуге уәде беріп, оның 244 мың АҚШ долларын жымқырып кеткен.
Мұнан өзге полиция хабар-ошарсыз кеткен 53 адамның қайда жүргенін анықтады.
Фото: polisia.kz

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

16.05.2025

Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

16.05.2025

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

15.05.2025

Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

13.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды

Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

3 қылмыстық топ әшкереленді