Азаматтар енді әскерге SMS арқылы шақырылады

Арман Қайыпхан

  • 06.11.2024

Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және баланың құқығын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Malim.kz.

Заң жобасында қазақстандықтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жөнінде хабардар етудің электронды әдісі белгіленеді. 

Қорғаныс министрлігі осы мақсатта SMS хабарламаларды «Электронды үкімет» веб-порталы – 1414 қызметі және пайдаланушының «жеке кабинеті» арқылы жібере алады, – деп жазылған құжатта.

Сондай-ақ қазақстандықтар әскери қызметке шақыруды бір рет қана кейінге қалдыра алады. 

Яғни азамат бакалавриатты аяқтаған соң, басқа мамандық бойынша қайта бакалавриат оқыған кезде әскери қызметті кейінге қалдыру мүмкіндігін ала алмайды. Некеде тұрған азаматтар, егер жұбайы жүкті болса, отбасылық себептері бойынша мерзімді әскери қызметке шақыруды 12 және одан да көп аптаға кейінге қалдыруға болады, – делінген заң жобасында.

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

16.04.2025

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

15.04.2025

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

14.04.2025

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

14.04.2025

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды

11.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

Байшуақов ірі мөлшерде қаржы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды