Көшпенділер ойынынан кейін қазақ халқын балағаттаған Қырғызстан азаматы ұсталды

Ол көпшіліктен кешірім сұрады

Мәди Саматұлы

  • 21.09.2024

Астанада өткен V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары аясында өткен көкпар додасынан соң финалды әділетсіз өтті деп санап, әлеуметтік желіде Қазақстан көкпаршыларымен бірге қазақ халқын балағаттаған қырғызстандық жанкүйер ұсталды. 1bol сайты оны Қырғызстан қауіпсіздік қызметі ұстап, көпшілік алдында кешірім сұратқанын жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұсталған азамат әлеуметтік желіде Қазақстанның туын лақтырып, мемлекеттік рәмізді қорлаған. Бұл өз кезегінде мыңдаған адамның ашуын тудырды.

Екі елдің арасына от салып, арандатқан жас жігіттің ұсталғанын Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті мәлімдеген. 21 жастағы азамат видеокамера алдында екі елден де кешірім сұрап, өз қателігін мойындады.

Айта кететін жайт, қазақ пен қырғыз көкпаршыларының финалдық ойынында қосымша уақытта Қазақстан құрамасы 5:4 есебімен жеңіске жетті. Осыдан кейін қарсылас команда наразылық білдіріп, марапаттау рәсімінде Қазақстанның әнұранын тыңдамай кетіп қалды. Артынша олар қазақ көкпаршыларын қарымта матч өткізуге шақырғанымен, біздің елдің көкпаршылары бұл ұсыныстан бас тартты.

Фото: бейнежазбадан скриншот/kaktus.media

Байланысты жаналықтар

Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

17.05.2025

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

15.05.2025

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

12.05.2025

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

11.05.2025

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

10.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

Медальдар кестесінде екінші орынға тұрақтады

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады