Маңғыстауда 460 оқушыны улаған мектеп асханасының басшысы сотталды

Арман Қайыпхан

  • 29.04.2025

Маңғыстауда 460 оқушыны улаған мектеп асханасының басшысы сот үкімімен жазаға тартылды, деп хабарлады Malim.kz.

Бесшоқы ауылындағы №8 мектептің асханасын басқарған жеке кәсіпкер Дәметкен Шәкенова 1 жылға бас бостандығынан айырылып, үкім шыққан сәтте сот залында қамауға алынды.

Бұдан бөлек, ол алдағы 3 жыл бойы қоғамдық тамақтандыру саласында кәсіпкерлікпен айналысу құқығынан айырылды.

Айта кетейік, бұл жағдай 2023 жылғы 6 қыркүйекте болған еді. Мұнайлы ауданына қарасты мектепте жүздеген оқушы асхана тамағынан кейін улану белгілерімен медициналық көмекке жүгінген.

Тексеру нәтижесінде тағам әзірленетін орыннан ішек инфекциялары, ал 12 қызметкерден стафилококк бактериясы анықталған.

Сонымен қатар, ыдыс жуушы әйел дизентерия қоздырғышын тасымалдағаны белгілі болды.

Анықталғандай, жеке кәсіпкер Шәкенова осы мектепке 10 жылдан астам уақыт бойы ыстық тағам жеткізумен айналысқан.

Сондай-ақ бұған дейін Маңғыстау облысы Бейнеу ауылында да 11 оқушы тамақтан уланған еді.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды

13.05.2025

Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданды

13.05.2025
MalimBlocks
Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды

Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданды