Назарбаев зияткерлік мектептеріне қатысты бірқатар заң бұзушылық анықталды

1 млрд теңгеден астам сомаға бір көзден сатып алу тәсілін заңсыз қолданған

Malim Админ

  • 12.08.2024

Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасы «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» жұмысынан көптеген заң бұзушылықты анықтады.

3 жыл ішінде НЗМ 16,4 млрд теңге көлеміндегі қаражатты игермеген, ал банк шоттарында жыл сайын 27-ден 55 млрд теңгеге дейінгі мөлшерде қаржы қалдықтары жинақталған.

«Ұлытау облысының бюджеті көлеміндегі қаражат осы бес жылдан аз уақыт ішінде Назарбаев Зияткерлік мектептеріне бөлінген. Оның ішінде 22 млрд теңгеден астам қаражат тәжірибені таратуға қаралған. Статистиканы қалай қарасақ та, өкінішке қарай, айтарлықтай өзгеріс жоқ. Оның үстіне, бұл тіпті мемлекеттік жоспарлау жүйесі шеңберінде де қамтылмаған», - деді палата төрағасы Әлихан Смайылов.

НЗМ өткізген сатып алулар бойынша 10,5 миллиард (22 миллион доллар) теңгеге заң бұзушылық анықталды. Мысалы, 1 миллиард теңгеден (2,09 миллион доллар) астам сомаға бір көзден сатып алу тәсілін заңсыз қолдану, өтінімдерді негізсіз жіберу немесе қабылдамау және тағы басқа жағдайлар орын алған.

Жалпы, мемлекеттік аудит мына деректерді анықтады:

274,4 млн теңгеге (575,2 мың доллар) қаржылық заң бұзушылық;

8,3 млрд теңгеге (17,4 млн доллар) тиімсіз жоспарлау;

тиімсіз пайдалану – шамамен 6 млрд теңге (12,5 млн доллар).

Сондай-ақ 134 процестік заң бұзушылық және 30 жүйелік кемшілік анықталды.

Тексеру іс-шараларының қорытындысы бойынша құқық қорғау органдарына бір материал, әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар тағы он факті бойынша әкімшілік іс қозғау үшін уәкілетті органдарға жіберілді.

Фото: Ашық дереккөз 

Байланысты жаналықтар

Колледждерге берілетін қаржы екі есе артады

06.05.2025

“Яндекс.Таксидегі“ баға өзгеруі мүмкін

29.04.2025

Еліміздегі жерлеу қызметі қымбаттады

25.04.2025

Келесі жылдан бастап жаттықтырушыларға 30 пайыз үстемеақы қосылады

19.04.2025

Жамбыл облысында балаларға арналған 45 миллион теңге ұрланған

18.04.2025

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

16.04.2025
MalimBlocks
Колледждерге берілетін қаржы екі есе артады

“Яндекс.Таксидегі“ баға өзгеруі мүмкін

Еліміздегі жерлеу қызметі қымбаттады

Келесі жылдан бастап жаттықтырушыларға 30 пайыз үстемеақы қосылады

Жамбыл облысында балаларға арналған 45 миллион теңге ұрланған

Қордай ауданының прокуратурасы мектепке дейінгі мекеменің жан басына шаққандағы қаржыландыруға арналған 45,2 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражаты жымқырылғанын анықтады,

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ