Орал тұрғыны әйелінің жалаңаш фотоларын таратқаны үшін 3 жылға сотталды

Ол қазір Қылмыстық кодекстің 2 бабы бойынша сотталып отыр

Арман Қайыпхан

  • 05.09.2024

Оралда әйелінің интим суретін туыстарына жіберіп, ақша бопсалаған ер адам сотталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Батыс Қазақстан облыстық сотында ерлі-зайыптыларға қатысты іс қаралды. Соттың мәліметінше, некеде болғанда әйел күйеуінің сұрауымен оның WhatsApp нөміріне өзінің интимді суреттерін жіберген.

Араларында болған жанжалдан соң әйел ажырасқысы келетінін айтып, сотқа жүгінді. Ал күйеуі ажырасуға келісім бермеген. Ол әйелінен ақша бопсалап, жалаңаш суреттерін таратып жіберемін деп қорқытқан. Содан кейін әйелінің интимді суреттерін WhatsApp арқылы қайын атасына және өзге де туысқандарына жіберген.

Сот істің барлық материалдарын зерделеп, сотталушыны Қылмыстық кодекстің 2 бабы – «Бопсалау» және «Жеке өмірге қол сұқпаушылықты бұзу» бойынша кінәлі деп таныды. Оған 3 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Фото: morozvest.ru

Байланысты жаналықтар

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

Қазақстанда неке қию көрсеткіші де күрт төмендеді

14.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды

13.05.2025
MalimBlocks
Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

Қазақстанда неке қию көрсеткіші де күрт төмендеді

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды