Отандық қорғаныс саласы халықаралық стандарттарға сай

Malim Админ

  • 22.09.2024

Халықаралық тәжірибеге зер салсақ,  Түркияда, Қытай, Өзбекстан, Ресейде  университтер мен институттарда және ЖОО-дан кейін білім беруге бағыттайтын медициналық оқу бағдарламалары, жобалары  шеңберінде кадрлар даярлықтан өткізіледі. Озық елдерде медициналық-әскери білім жинап, тәжірибе алмасу  - қарулы күштердің сапасын одан сайын еселей түсетін үрдіс. Осы жылы Қорғаныс министрлігінің пәрменімен медициналық, әскери бағыттағы академия құру ісі жүзеге асырылмақ. Қолданысқа енгізілуге тиісті оқыту мекемесі Алматы қаласы аумағындағы Әскери медицина орталығының жанынан ашылады деп көзделіп отыр. Демек, сан мыңдаған жас маман діттеген мақсат-межесіне жетер күн қашық емес. 

 Елдің тыныштығын қас қақпай күзетуге мүдделі сарбаздарды шыңдау, бәсекеге қабілеттілігін арттыру көп қырлы және кешенді жұмыс. Бұл бағытта кәсіби дайындықты арттыру, жаңа технологияларды енгізу, психологиялық және этикалық әзірлікті қамтамасыз ету, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты дамыту басты міндеттер. Осы факторлардың үйлесімділігі әскердің жалпы тиімділігін арттырып қана қоймай, мемлекеттің қорғанысын  күшейтуге ықпал етері анық.

Қазақстанның қорғаныс саласы елдің ішкі тұрақтылығын, аумақтық тұтастығын және азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды жүйе.  Қарулы күштердің жоғары кәсібилігі мен заманауи техникамен қамтамасыз етілуі, халықаралық деңгейде тығыз ынтымақтастықтың орнауы Қазақстанның қорғаныс әлеуетін арттырып, мемлекетке жаңа қауіп-қатерлерге тиімді жауап беруге мүмкіндік береді. Қазақстан болашақта да қорғаныс саласын дамытуға және халықаралық қауіпсіздік мәселелерін шешуге белсенді түрде қатысуға ниетті.

Жуырда ел президенті Қорғаныс министрін қабылдап, осы жылдың 6 айында іске асырылған жұмыстар бойынша есеп алды. Тамыз айында болған кездесу шеңберінде ведомство басшысы Р.Жақсылықов әскери мамандардың сын сағаттарда жауынгерлік әрекет етуі, күрделі ахуал туындағанда оларды жұмылдыру даярлығына қатысты баяндама жасады. Сарбаздардың, күштік құрылымдардың халықаралық масштабтағы оқу-жаттығу мақсатындағы жиындардың толайым жетістіктері,  жауынгерлік әзірлікке  тың тактикалар кіргізу туралы ақпарат берді.  Сондай-ақ ел тыныштығына жауапты жауынгерлердің озық қару-жарақпен қамтылуы, әскери техникаларды игеруі де назардан тыс қалмады.  Әскери-патриоттық іс-шараларды жүйелі түрде өткізу мәселесін де Мемлекет басшысы айрықша назарда ұстап отыр.  

Фото: Gov.kz    

Байланысты жаналықтар

Қызылордада браконьерден 14 қап киік еті тәркіленді

21.02.2025

Шекарадан заңсыз шығарылған мал қай елдерге сатылады?– ҰҚК

20.02.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев лауазымды адамдардың протоколдық сатысын бекітті

20.02.2025

Банк карталарына бақылау күшейтіледі. Нені білу керек?

20.02.2025

Кедендік заңсыз тексерудің 37 фактісі анықталды

20.02.2025

Перизат Қайраттың тергеуі қашан аяқталады?

19.02.2025
MalimBlocks
Қызылордада браконьерден 14 қап киік еті тәркіленді

20 күнде табиғат қорғау заңнамаларын бұзудың 163 дерегі анықталды

Шекарадан заңсыз шығарылған мал қай елдерге сатылады?– ҰҚК

Қасым-Жомарт Тоқаев лауазымды адамдардың протоколдық сатысын бекітті

Банк карталарына бақылау күшейтіледі. Нені білу керек?

Егер транзакциялар саны күдікті болып көрінсе, банктер қосымша ақпарат сұрауға және қаражаттың шығу көзін зерттеуге құқылы

Кедендік заңсыз тексерудің 37 фактісі анықталды

Перизат Қайраттың тергеуі қашан аяқталады?

ҚМА өкілінің айтуынша, қылмыстық істе 100-ден аса том бар.