Қаңтар оқиғасы. Археологты атқан Ұлттық ұлан подполковнигі 7 жылға сотталды

Құқық қорғау органдарының есебіне сәйкес, ол жүрек тұсына тиген оқтан көз жұмған

Malim Админ

  • 07.02.2025

Алматы гарнизонының әскери соты 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде археолог Ерлан Жағыпаров пен Әуез Қапсалановтың өліміне кінәлі деп танылған Ұлттық ұланның бұрынғы подполковнигіне үкім шығарды, деп хабарлайды Malim.kz.

Сот ісі жабық режимде қаралды. Айыпталушы орындығында — отставкадағы подполковник Айтжан Әубәкіров отырды. Ол 5571 әскери бөлімінде командирдің тәрбие, әлеуметтік және құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары болған. Тергеу мәліметінше, оның әрекеті «Билікті асыра пайдалану, ауыр зардаптарға әкеліп соқтыру» бабы бойынша (ҚР ҚК 451-бабы 2-бөлігі) қаралды.

Әскери сот Әубәкіровті кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды.

49 жастағы Ерлан Жағыпаров — тарихи мұраларды зерттеумен айналысқан белгілі ерікті, «Петроглиф іздеушілер» қоғамының мүшесі. Қаңтар оқиғасы кезінде ол Республика алаңында калашник автоматынан тура атылған оқтан қаза тапты.

Марқұмның туыстары оны бірнеше күн бойы іздеді. Әлеуметтік желілерде оның жоғалғаны туралы хабар тарады. Ақыры 12 қаңтарда қаралы хабар жетті: Ерлан Жағыпаровтың денесі мәйітханадан табылды. Оның інісі Нұрлан Жағыпаровтың айтуынша, Ерланды мәйітхана дәлізінде, қолына кісен салынған, азаптау белгілері бар күйінде тапқан. Құқық қорғау органдарының есебіне сәйкес, ол жүрек тұсына тиген оқтан көз жұмған.

Сот-медициналық сарапшысы Ержан Қасымбековтың мәліметінше, Жағыпаров алғашында тікесінен тік тұрған күйінде жарақат алған. Алайда кейіннен оған жерде жатқанда да оқ атылған. Сарапшы денесінен 10 оқ жарақатын анықтаған.

Фото: kaztag.kz  

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

16.04.2025

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

15.04.2025

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

14.04.2025

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

14.04.2025

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды

11.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

Байшуақов ірі мөлшерде қаржы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды