Қомақты ақша жымқырған күдікті Швециядан экстрадицияланды

Ол жұрттың 57 млн теңгесін қолды қылған

Мәди Саматұлы

  • 09.11.2024

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері Қазақстанның Стокгольмдегі Елшілігінің көмегімен бөтеннің мүлкін аса ірі көлемде жымқырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Швеция Корольдігінен Қазақстан азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бас прокуратура мәліметінше, ол 2015–2020 жылы Шымкенттегі сауда орталығында жұмыс істеп жүріп, өзіне сеніп тапсырылған 57 миллион теңгеге жуық қаражатты жымқырды деген күдікке ілінген.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланды. Биыл ақпанда ол Швецияда ұсталды. Бас прокуратураның өтініші бойынша күдікті Қазақстанға экстрадицияланып, қазір Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды, деп жазылған Бас прокуратура мәлімдемесінде.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 10 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Айта кету керек, Швеция Корольдігімен экстрадициялау туралы келісімнің жоқтығына қарамастан, сотталушыны экстрадициялау Қазақстан Бас прокуратурасы мен Швеция Әділет министрлігі арасындағы тығыз ынтымақтастықтың арқасында мүмкін болған.

Одан басқа, өткен жылы швед тарабы Қазақстанға іздеуде жүрген 2 адамды экстрадициялаған болатын, олар қазір әр түрлі жаза өтеп жатыр.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

17.05.2025

Армениядан қауіпті қылмыскер экстрадицияланды

16.05.2025

Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

15.05.2025

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

14.05.2025

"Украинаға жұмыс істейді". Ресейде әйел курткасы үшін "экстремизм" күдігімен ұсталды

12.05.2025

"Ақтөбе" футбол клубында ойыншылардың тамағына бөлінген қаражат жымқырылған

30.04.2025
MalimBlocks
Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

Армениядан қауіпті қылмыскер экстрадицияланды

Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

Ол АҚШ-тың Иллинойс штаты, Чикаго қаласында прокурор көмекшісі қызметін атқарады

"Украинаға жұмыс істейді". Ресейде әйел курткасы үшін "экстремизм" күдігімен ұсталды

"Ақтөбе" футбол клубында ойыншылардың тамағына бөлінген қаражат жымқырылған