Қысымға ұшыраған атыраулық мұғалім суицид жасамақ болған

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

Мәди Саматұлы

  • 11.01.2025

Әлеуметтік желілерде 1985 жылы туған азаматшаның дәрі-дәрмек қолдану арқылы суицид жасамақ болған әрекетінің бейнежазбасы тараған. ATYRAU ONLINE телеграм-арнасы бұл жағдайға байланысты Атырау облыстық полиция департаменті қолға алғанын жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Жергілікті полицияның мәлімдеуінше, қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.

Қалалық білім бөлімінің өкілдері де жағдайға түсініктеме берген. Олардың айтуынша, оқиға С. Зиманов атындағы №37 орта мектепте болған. Бұған дейін мектеп ұжымы директордың оқу ісі бойынша екі орынбасарын жұмыстан шығаруға қарсы болған.

Қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дюсекенова мұғалімдермен жиналыс өткізіп, заңсыз жұмыстан шығаруға жол берілмеуін қатаң ескерткен. Мектеп басшылығына ұжымдағы жағдайды тұрақтандыру және мұғалімдердің жұмыс орнын сақтау туралы хаттамалық тапсырма жіберілген.

Осы жанжалдың барысында кезекті педагогикалық кеңес кезінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі мектеп басшылығы тарапынан қысымға ұшыраған. Бұл оқиғаға себеп болуы мүмкін.

Осы жағдайға байланысты білім бөлімі арнайы комиссия құрған. Барлық мән-жай зерттеліп, заңбұзушылықтар анықталса, тиісті шаралар қабылданбақ.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

«Алатау серілері» тобы мұғалімдерге күштеп билет сатып жатыр - Дәулет Мұқаев

16.04.2025

Киберполиция "мемлекеттік грант алып беремін" деп алдаған алаяқты ұстады

14.04.2025

Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды

14.04.2025

«ҚазМұнайГаз» Атыраудағы ірі өндіріс орнын ресейлік компанияға сатты

13.04.2025

Астанада сәби 15-қабаттың терезесінен құлап кетті

12.04.2025

Бейнеу мектебіндегі оқушылар неден уланғаны анықталды

12.04.2025
MalimBlocks
«Алатау серілері» тобы мұғалімдерге күштеп билет сатып жатыр - Дәулет Мұқаев

Алматылық оқытушылардың бірі депутатқа хат жазып, жағдайды баяндаған

Киберполиция "мемлекеттік грант алып беремін" деп алдаған алаяқты ұстады

Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды

«ҚазМұнайГаз» Атыраудағы ірі өндіріс орнын ресейлік компанияға сатты

Астанада сәби 15-қабаттың терезесінен құлап кетті

Бейнеу мектебіндегі оқушылар неден уланғаны анықталды