Вайнер Мейіржан Төребаевтың қазір қайда екені білгілі болды

Арман Қайыпхан

  • 25.10.2024

Қаржы пирамидасы ісі бойынша сотталған танымал вайнер Мейіржан Төребаев Алматыдағы минималды қауіпсіздік колониясында жазасын өтеп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы оның жұбайы Дана Есеева журналист Виктория Новичковаға берген сұхбатында айтты.

Дана Есееваның айтуынша, қазіргі таңда Мейіржан қауіпсіздігі барынша төмен түзету мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Төребаев бастапқыда Павлодарда болған, алайда жақында Алматыға ауыстырылғаны белгілі болды. Есееваның сөзінше, колония жағдайлары тергеу изоляторына қарағанда басқаша. Бұрын Төребаев тергеу изоляторында болғанда, қорғаушысы екеуі күн сайын іс материалдарымен жұмыс істеуге мүмкіндік алған. 

«Бұрын ол тергеу изоляторында болғанда, ұзақ уақыт күтіп, тек 10-15 минут қана кездесе алатын едік. Қазір ол Алматыда, Павлодардан осында ауыстырылды. Күндіз жұмыста болса, кешке колонияға оралады», - деді ол.

Еске сала кетейік, 2023 жылғы 23 маусымда Алматы қаласының Алмалы аудандық соты Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық іс бойынша бірнеше бірқатар адамды соттады. Сотта 12 адам жауапқа тартылып, олардың қатарында Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов та болды. Екі вайнер де Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 217-бабы («Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару») бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсысы бес жылға бас бостандығынан айырылды. Басқа фигуранттар 262-бап («Ұйымдасқан топты, қылмыстық ұйымды құру және басқару, сондай-ақ оларда қатысу») бойынша сотталып, әртүрлі мерзімдерге сотталған.

Фото: instagram.com/meirzhach_tv

Байланысты жаналықтар

Алматыда ерлі-зайыпты зейнеткерлердің мәйіті табылды

02.12.2024

«Даму бала». 55 млн теңге жымқырған адам тергеліп жатыр

29.11.2024

Адам өліміне кінәлі «5:32» сериалының продюсері сотталды

29.11.2024

Перизат Қайрат ісіне блогерлердің қатысы бар ма? Қаржы мониторингі агенттігі

29.11.2024

Сот Бишімбаевтың мойнына артқан 10 млн шығынды өзгеріссіз қалдырды

27.11.2024

Түркістанда қызметкерлерінің сыйақысын жымқырған «Ветеринарлық қызмет» басшысы сотталды

26.11.2024
MalimBlocks
Алматыда ерлі-зайыпты зейнеткерлердің мәйіті табылды

Күдікті ретінде 56 жастағы әйел қамауға алынды

«Даму бала». 55 млн теңге жымқырған адам тергеліп жатыр

Бірқатар заң бұзушылық анықталды

Адам өліміне кінәлі «5:32» сериалының продюсері сотталды

Салдарынан 16 адам жарақат алып, бір адам қаза тапты

Перизат Қайрат ісіне блогерлердің қатысы бар ма? Қаржы мониторингі агенттігі

Өйткені блогерлер, танымал адамдар видеолар түсіріп, қазақстандықтарды Перизат Қайрат бастаған қорға өз үлесін қосуға шақырған

Сот Бишімбаевтың мойнына артқан 10 млн шығынды өзгеріссіз қалдырды

Түркістанда қызметкерлерінің сыйақысын жымқырған «Ветеринарлық қызмет» басшысы сотталды

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ