Талғарда төбелестен көз жұмған баланың үйі өртенді (ВИДЕО)

Полиция бөтеннің мүлкін қасақана жою дерегімен іс қозғады

Мәди Саматұлы

  • 12.10.2024

Талғарда төбелестен көз жұмған 16 жасар Шерзаттың үйі өртеніп кетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Өрттің бейнежазбасы әлеуметтік желіде жарияланды.

Төтенше жағдай қызметінің мәліметінше, бірінші өрт сөндіру бөлімшесі келген сәтте, сағат 01:08-де үй толығымен отқа оранған. 

Қабылданған жедел шаралардың нәтидесінде өрт 01:38-де оқшауланып, 01:43-те 56 ш.м. алаңда толығымен жойылған. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі нақтыланып жатыр. 

Облыс полициясы 12 қазанға қараған түні Еңбекшіқазақ ауданы Азат ауылындағы үйлердің бірінде өрт болғаны, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді.

Осы жағдайға байланысты «бөтеннің мүлкін қасақана жою дерегі» бойынша полиция қылмыстық іс қозғаған. Тергеу аясында куәгерлерден жауап алынып жатыр, сондай-ақ бейнебақылау камераларының жазбалары зерттелу үстінде.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы мен оған әкелуі мүмкін себептері анықталып жатыр.

Оған қоса, отбасының тұрғылықты жері бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлерінің тарапынан тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылған. 

Сондай-ақ, Бас прокуратура да осы жағдайға қатысты мәлімдеде жасады. Талғарда жасөспірімді өлтіру ісі бойынша жәбірленушілердің үйін өртеу дерегіне қатысты 2024 жылғы 12 қазанда Бас прокуратураның басшылығымен қылмысты ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылған.

Кінәлілерді әшкерелеу үшін барлық шара қабылданады. Қылмыстық iс Бас Прокурордың бақылауына алынды, деп жазылған мәлімдемеде.

Фото: ТЖМ

Байланысты жаналықтар

Таиландта өртенген катерде зардап шеккен қазақстандық оқиғаның қалай болғанын айтты

02.04.2025

Тоқаев Корея халқына көңіл айтты

28.03.2025

Жәкішев Мәсімовтің зәулім үйін сатып алғаны рас па?

27.03.2025

Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен 20-дан астам қаза болды

26.03.2025

Павлодар маңындағы далада құрғақ шөп өртенді

25.03.2025

Ақтауда жағалаудағы кафенің бірінде өрт шықты

23.03.2025
MalimBlocks
Таиландта өртенген катерде зардап шеккен қазақстандық оқиғаның қалай болғанын айтты

Тоқаев Корея халқына көңіл айтты

Жәкішев Мәсімовтің зәулім үйін сатып алғаны рас па?

Ресейлік БАҚ-тар қазақстандық кәсіпкер Мұхтар Жәкішев Кәрім Мәсімовтің үйін сатып алды деген ақпаратты таратты

Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен 20-дан астам қаза болды

Павлодар маңындағы далада құрғақ шөп өртенді

Павлодар маңында 44 гектар құрғақ шөп өртенді. Өртті сөндіруге он сағатқа жуық уақыт кетті

Ақтауда жағалаудағы кафенің бірінде өрт шықты

Ақтауда жағалаудағы кафенің бірінде өрт шықты