Терроризмді насихаттаған 5 адам ұсталды

Шетелдік лагерьлерде дайындықтан өтіп, шет мемлекет аумағында қарулы қақтығыстарға қатысқан

Malim Админ

  • 08.08.2024

Терроризмге қарсы іс-қимыл шеңберінде осы жылдың шілде-тамыз айларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарының көмегімен және прокуратураның үйлестіруімен Астана қаласында, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында бірқатар іс-шара өткізді.

Нәтижесінде Қазақстанның 5 азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. 

Тергеу нұсқасы бойынша, олар террорлық әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында терроризмді насихаттауға, діни алауыздықты қоздыруға және адамдарды тартуға қатысқан. Тұрғылықты жерлерін тінту кезінде қару-жарақ, оқ-дәрілер, діни әдебиеттер және өзге де заттай дәлелдемелер алынды. 

Айта кету керек, күдіктілердің екеуі кісі өлтіру, тонау және бұзақылық үшін сотталған. Тағы біреуі бұрын лаңкестердің шетелдік лагерьлерінде дайындықтан өтіп, шет мемлекет аумағында қарулы қақтығыстарға қатысқан. 

Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Фото: ҚР ҰҚК 

Байланысты жаналықтар

Ел оңтүстігіндегі ауылда терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтеді

03.04.2025

Бәрменқұлов ешқандай күдікті емес - ҚМА

03.04.2025

Адам зорлады: Қаскелеңде сот ғимаратынан күдікті қашып кетті

01.04.2025

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды

27.03.2025

Сауд Арабиясындағы АҚШ - Ресей келіссөзі аяқталды

25.03.2025

Германияда үш жасөспірім лаңкестікке қатысты түрмеге қамалды

23.03.2025
MalimBlocks
Ел оңтүстігіндегі ауылда терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтеді

Бәрменқұлов ешқандай күдікті емес - ҚМА

Адам зорлады: Қаскелеңде сот ғимаратынан күдікті қашып кетті

1 сәуірде Алматы облысында аудандық сот ғимаратынан зорлау бойынша күдікке ілінген адам тергеу барысында қашып кеткен

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қарудың заңсыз айналымына қарсы тұру шаралары туралы жариялады

Сауд Арабиясындағы АҚШ - Ресей келіссөзі аяқталды

Германияда үш жасөспірім лаңкестікке қатысты түрмеге қамалды

Шабуыл жасау үшін олар бірнеше қаланы таңдаған