«Техника жеткіліксіз, маман жоқ». СҚО-да орман заңын бұзған шенеуніктер жауапқа тартылды

Облыстағы орман мекемелерінің ешбірінде өртті ерте анықтау жүйесі жоқ

Мәди Саматұлы

  • 10.10.2024

Жүргізілген талдау аясында облыстың мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың қызметінде орман заңнамасының бұзу деректерін анықтаған, деп хабарлайды Malim.kz.

Мамандандырылған прокуратура мәлімдеуінше, қолданыстағы орман өрт сөндіру станциялары АШМ бұйрығының талаптарына сәйкес келмейді, өрт сөндіру станцияларының материалдық-техникалық жарақтандырылуы жеткіліксіз, оның ішінде өрт сөндірушілерді орналастыруға арналған үй-жайлар, жылы гараждар, мамандар, сондай-ақ, өрт сөндіру техникасына арналған қажетті жарақтандырулар мен жабдықтар жоқ.

Барлық орман мекемесінде орман өрттерін ерте анықтаудың автоматты жүйесі (FireWatch жоқ), арнайы жедел әрекет ету авиациясын сатып алу және орман өрттерін сөндіру, жетуге қиын жерлерде десанттың қонуын қамтамасыз ету үшін тікұшақ алаңдарын орнату бойынша ұсыныстар назардан тыс қалған, деп жазылған прокуратура хабарламасында.

Сондай-ақ, су алуға арналған өрт гидранттары мен су айдындарының жай-күйі, минералданған қорғаныш жолақтарын орнату бойынша басқа да тәртіпбұзушылықтар анықталған. Халыққа эвакуациялау жоспарларын жеткізу және өртке қарсы ерікті құралымдар құру бойынша түсіндіру жұмыстары жеткіліксіз жүргізіліп жатқанын мәлім етті.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша облыс бюджетінен арнайы өрт техникасы мен жабдықтарын сатып алуға 296,6 млн теңге, 7 орман шаруашылығы бойынша өрттерді ерте анықтау бойынша құрылғыларды сатып алуға 45 млн теңге бөлінгені анықталған. Соған байланысты 12 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған, оның ішінде үшеуі аудан әкімі.

Сондай-ақ, Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы 3,3 млрд теңгеге өртке қарсы техниканы сатып алу үшін лизинг мәселесі шешілу үстінде, бұл орман иелерін қолданыстағы нормалар мен нормативтер бойынша өрт машиналарымен және тракторлармен 100% қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.

Фото: pergam.kz

Байланысты жаналықтар

Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

17.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

15.05.2025

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

14.05.2025

Үндістан мен Пәкістандағы қазақстандықтар эвакуациялана ма? СІМ жауабы

08.05.2025

Германияда 30 жыл өмір сүрген ер адам СҚО-дағы ауылына оралды

02.05.2025
MalimBlocks
Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

Ол АҚШ-тың Иллинойс штаты, Чикаго қаласында прокурор көмекшісі қызметін атқарады

Үндістан мен Пәкістандағы қазақстандықтар эвакуациялана ма? СІМ жауабы

Германияда 30 жыл өмір сүрген ер адам СҚО-дағы ауылына оралды