Тойда уланғандар мейрамхана иесінен 6 млн теңге өтемақы талап етті

Сәуір айында Екібастұзда тойға жиналған қонақтар астан уланып қалған болатын

Malim Админ

  • 06.11.2024

Биылғы сәуір айында той үстінде тамақтан уланып қалған 16 адам Екібастұздағы «Grand Hall» мейрамханасының иесінен жалпы сомасы 6 млн теңге талап етіп отыр.


Олар жергілікті сотқа ұжымдық талап арыз түсірді. Биыл сәуір айында Екібастұзда тойға жиналған қонақтар астан уланып қалғаны туралы хабарлаған едік. Оқиғадан соң Екібастұз қалалық ауруханасына жалпы саны 90-ға жуық адам қаралған. Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, олардың барлығында тамақтан улану және бактериалды-ішек инфекциялары белгілері болған.

Павлодар облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Нұрсұлу Әубәкірованың айтуынша, тамақтан ұшынған 16 адам мейрамхана иесін сотқа беріп, матеиалдық және моральдық шығын өндіріп алмақ ниетте.

— Бұл азаматтардың барлығы улану оқиғасынан соң екі аптадай стационарлық ем қабылдаған. Қымбат дәрі-дәрмек сатып алған. Ауруға байланысты жұмыста бола алмай, табыстарын жоғалтқан. Қазір сот істі қарап жатыр. Аталған тойда барлығы 94 адам тамақтан уланғаны анықталып отыр. Біразынан сальмонеллоз анықталды. Мейрамхана сол уақытта рұқсатсыз жұмыс істеп тұрғаны да белгілі болған. Сальмонеллоз сонда жұмыс істейтін қызметкерден жұққан, — дейді Н.Әубәкірова.

Қазіргі уақытта полиция кәсіпкерлік нысанын тексеріп жатыр. Құқық қорғаушылар аталған оқиғада қылмыстық әрекеттің болу-болмауын анықтайды.

Фото: Pexels  

Байланысты жаналықтар

Екібастұзда азаматтардың жаппай улануына қатысты сот үкімі шықты

22.04.2025

Жамбыл облысында үш кішкентай қыз газға уланып көз жұмды

20.04.2025

Бейнеу мектебіндегі оқушылар неден уланғаны анықталды

12.04.2025

Екібастұз ТЖД басшысы сотталды

07.04.2025

Маңғыстау облысында тағы оқушылар уланды

03.04.2025

Бектенов Екібастұз ГРЭС аумағында республикалық кеңес өткізді

27.03.2025
MalimBlocks
Екібастұзда азаматтардың жаппай улануына қатысты сот үкімі шықты

Жамбыл облысында үш кішкентай қыз газға уланып көз жұмды

Жамбыл облысында үш кішкентай қыз газға уланып көз жұмды

Бейнеу мектебіндегі оқушылар неден уланғаны анықталды

Екібастұз ТЖД басшысы сотталды

Екібастұз ТЖД басшысы сотталды

Маңғыстау облысында тағы оқушылар уланды

Бектенов Екібастұз ГРЭС аумағында республикалық кеңес өткізді

Олжас Бектенов Екібастұз ГРЭС аумағында энергетиканы дамыту мәселелері бойынша республикалық кеңес өткізді