Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Malim Админ

  • 16.04.2025

Премьер-министр Олжас Бектенов Сенат депутатының сауалына берген жауабында марқұмды жерлеумен байланысты қызметтердің бағасын мемлекет реттей алмайтынын мәлім етті. 

Депутат сауалында адам бейітке арналған жерді заңсыз беретіндерге жаза тағайындау керектігі айтылған болатын.

Үкімет бейітке арналған жер телімін заңсыз беріп сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу мәселесін пысықтайды. Оның ішінде заңнамалық актілерге түзету енгізу мүмкіндіктері де қарастырылады, — деп жазылған Үкімет басшысының жауабында.

Сондай-ақ, Премьер-министр әр марқұмға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін берілетіні айтылған.

Жер кодексі 109-бабының 3-тармағы бойынша бейітке арнап жалпы қолданысқа алынған жер қорынан белгілі бір мекенде қайтыс болған тұрғынды немесе нақты тұратын орны жоқ марқұмды жерлеу үшін 6 шаршы метрден кем болмайтын телім тегін беріледі, — деп жазады Олжас Бектенов.

Жауапта діни жоралғылармен байланысты қызметтер әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызметтердің санатына кірмейтіндіктен оның бағасын мемлекет реттемейтіні айтылған.

Бұл нарықта лицензиялау тетігі жоқ болғандықтан қызмет әкімшілері бейіт аумағында көрсетілетін қызметтердің бағасын өздері белгілейді, — делінген жауапта.

Бейітке арналған бос телімдерді анықтау үшін Жария кадастрлық картаның қызметіне жүгінуге болады.

Жылжымайтын мүлікпен, жермен байланысты мәмлелерді жасау үшін Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрынан (https://map.gov4c.kz/egkn/ — ред.) бос және иесі бар телімдерді онлайн режимде көруге болады, — деп жазылған Премьер-министрдің жауабында.

Фото: mem-complex.ru  

Байланысты жаналықтар

Мыңнан аса қызметкер жалақысыз жұмыс істеген

14.05.2025

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

13.05.2025

Бет-жүзін тұмшалап жүретін адамдарға шектеу қойыла ма? министрлік жауап берді

11.05.2025

Жеке сот орындаушылар аккредитациядан өтуге міндеттелмек

10.05.2025

Сотталғандарды колонияларда ұстау ережелеріне өзгерістер енгізіледі

09.05.2025

Жеңіс саябағында билеген оқушы қыздар жазаланды

08.05.2025
MalimBlocks
Мыңнан аса қызметкер жалақысыз жұмыс істеген

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

Бет-жүзін тұмшалап жүретін адамдарға шектеу қойыла ма? министрлік жауап берді

Жеке сот орындаушылар аккредитациядан өтуге міндеттелмек

Қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін қатаң санкциялар белгіленеді

Сотталғандарды колонияларда ұстау ережелеріне өзгерістер енгізіледі

Жеңіс саябағында билеген оқушы қыздар жазаланды