Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ләйлә Сұлтанқызы ұлдарынан тұрмыс құруға рұқсат алғанын айтты

Қоғам
Ләйлә Сұлтанқызы ұлдарынан тұрмыс құруға рұқсат алғанын айтты

Белгілі журналист Ләйлә Сұлтанқызы жеке өміріне қатысты жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Malim.kz Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол ұлдарымен жиі сырласатынын жасырмады. 

“Бұл жолы ұзақ сөйлестік. Әдетте видеоға сирек түсетін, рұқсаттарымен ғана сөйлесетін 16 және 18 жастағы ұлдарыммен достық форматта пікірлестім. Тым жекеге бармаймын — ұялам ба, әлде "өздері біледі ғой" деп ойлаймын ба, білмеймін. Бірақ қыздарға деген құрмет, жауапкершілік, тұрақтылық жайлы жиі айтамын — бұл мен үшін ең маңыздысы", – дейді ол.

Сондай-ақ тележурналист екінші рет тұрмыс құрса, ұлдарының қарсы болмайтынын да жеткізді. 

“Жақында үлкен ұлым "махаббатыңызды тапсаңыз, бізге қарамаңыз" деді. Күлкілі де, жүрекке де тиетін сөз болды. Махаббат туралы жиі сөйлесеміз — бәлкім жастық әсері шығар, бірақ ересек адамдай әңгіме айтады. Қысқасы, ұлдарыммен достық, сенім және жауапкершілік туралы әңгімелесемін. Ал махаббат — сол әңгіменің ең жылы бөлігі", – деп түйіндеді Ләйлә Сұлтанқызы.

Фото: instagram.com/sultankyzy 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу