Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Лифтіде пышақталған бала тағы да ауруханаға түсті

Қоғам
Лифтіде пышақталған бала тағы да ауруханаға түсті

Ақпан айында Астанадағы тұрғын үйлердің бірінде жасөспірім бес жасар балаға пышақпен шабуыл жасаған еді. Жарақат алған Батыр ауруханада емделіп, 18 ақпанда үйіне шығарылды, деп хабарлайды Malim.kz

Алайда сәуір айында оны қайтадан ауруханаға жатқызу жоспарланып отыр.

Баланы 2025 жылдың сәуір айында Ұлттық бала оңалту орталығында оңалту курсынан өтеді, – деп мәлімдеді елордалық денсаулық сақтау басқармасы.

Балаға алғашқы медициналық көмек көрсеткен хирург Жандос Ахнаевтың айтуынша, жарақат іздері әлі де бар. Оның сол көзі толық жабылмайды, ал аузының бұрышы сәл салбырап тұр.

Еске салайық, Астанада лифтіде психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған 14 жастағы жасөспірім 5 жастағы баланың бетін пышақпен тілгілеп тастаған еді. Біз осыған дейін де шабуылға ұшыраған баланың жағдайы туралы жазған едік.

Фото: видеодан скрин

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу