Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Литва Украинаға қолдауын күшейтпек: Зеленский Вильнюске ресми сапармен барды

Әлем
Литва Украинаға қолдауын күшейтпек: Зеленский Вильнюске ресми сапармен барды
Фото: Kuba Stezycki/REUTERS

Украина президенті Владимир Зеленскийдің Вильнюске сапары аясында Литва және Польша президенттерімен келіссөздер өтеді, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Кешкі уақытта үш ел басшыларының бірлескен баспасөз конференциясы жоспарланған.

Украина президенті Владимир Зеленский мен бірінші ханым Елена Зеленская жексенбі күні, 25 қаңтарда, Қаңтар көтерілісінің жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Литваның астанасы Вильнюске ресми сапармен келді.

Зеленскийдің Литва президенті Гитанас Науседамен кездесуі барысында негізгі назар әскери ынтымақтастық пен бірлескен қорғаныс жобаларын дамыту мәселелеріне аударылды. Владимир Зеленскийдің айтуынша, Литва Вильнюсте қару-жарақ экспорттайтын платформаны ашуды ұсынған. Бұл бастама Украинаның және оның серіктестерінің қорғаныс әлеуетін күшейтетін құралға айналуы мүмкін.

Сондай-ақ кездесуде PURL бастамасын (Prioritised Ukraine Requirements List — «Украина үшін басым қажеттіліктер тізімі») қолдау және SAFE (Security Action for Europe) бағдарламасы аясындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Владимир Зеленский Литва президентін Ресей әскерлерінің Украинаның аса маңызды инфрақұрылым нысандарына күн сайын жасап жатқан соққылары туралы хабардар етіп, Вильнюстің украин қалалары мен өңірлеріне шамамен 100 генератор беру туралы шешімі үшін алғыс білдірді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу