Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ливия армиясының қолбасшысы мінген ұшақ Түркияда апатқа ұшырады (ВИДЕО)

Әлем
Ливия армиясының қолбасшысы мінген ұшақ Түркияда апатқа ұшырады (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

23 желтоқсан күні кешке Ливия Қарулы күштері Бас штабының басшысы Мұхаммед әл-Хаддад пен тағы төрт ливиялық азамат Түркия аумағында, Анкара маңында болған ұшақ апатынан көз жұмды. Осыған байланысты Ливияда үш күндік аза жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ливияның ақпарат агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, қайғылы жағдайды елдің Ұлттық бірлік үкіметі ресми түрде растаған. Триполидегі билік өкілдері Түркиядағы апатты «ауыр қайғы» деп бағалады.

Үкімет шешімімен ел аумағында үш күн бойы аза тұту жарияланды. Мемлекеттік агенттік апат салдарынан қаза тапқан азаматтардың аты-жөні мен қызметтерін де жария етті. Қаза болғандар қатарында:

  • Ливия армиясы Бас штабының қолбасшысы, генерал-лейтенант Мұхаммед әл-Хаддад;
  • Құрлық әскері штабының басшысы, генерал-лейтенант Әл-Фитури Грайбиль;
  • Әскери өндіріс басқармасының директоры, генерал Махмұд әл-Катави;
  • Бас штаб басшысының кеңесшісі, профессор Мұхаммад әл-Асави Диаб;
  • Бас штабтың баспасөз қызметінің фотографы, профессор Мұхаммад Омар Ахмед Махджуб.

Ливия премьер-министрі Түркиядағы әуе апатының себептерін анықтау үшін Анкараға арнайы ресми делегация жіберуді тапсырды.

Ал Түркия Ішкі істер министрлігі ұсынған дерекке сәйкес, ұшақтың қалдықтары Анкара провинциясының Хайман ауданындағы Кесікқауақ ауылы маңынан табылған. Falcon 50 маркалы жеке ұшақ Анкарадағы Есенбұға әуежайынан Триполиге бағыт алып, Астана уақытымен сағат 22:10-да әуеге көтерілген. Әуе кемесімен байланыс 22:52-де үзілген.

Қазіргі таңда Анкараның Бас прокуратурасы әуе апатына қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу