Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мәдениет және спорт министрлігінің департамент бастығы ұсталды

Сұқбат
Мәдениет және спорт министрлігінің департамент бастығы ұсталды

Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет және өнер департаментінің бастығы аса ірі көлемде ақша жымқырды деген күдікпен ұсталды. Қазір сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу жұмысын бастап кеткен.

Департамент басшысы, негізінен, көрсетілген қызмет актілеріне қол қою және кинематографияны мемлекет тарапынан қаржыландыру үшін ірі көлемдегі ақшаны аудару арқылы жымқыру фактісімен айыпталып жатыр. Оған мемлекет қаржысын ысырап етті деген айып тағылып отыр.

Қазір тергеу жалғасып жатқандықтан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өзге ақпарат таратпағанын айта кету керек.

Сонымен қатар бұған дейін 400 млн теңгені ысырап жасады деген күдікке ілінген министрліктің спорт  және дене шынықтыру істері комитеті басшысының бұрынғы және қазіргі орынбасары ұсталды.

Соңғы кезде басынан дау арылмай тұрған Мәдениет және спорт министрлігі бұл айыптауларға қатысты әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу