Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мамин Сағынтаевқа аурухана сыйлады

Саясат
Мамин Сағынтаевқа аурухана сыйлады

Үкіметке қарап келген Алматыдағы теміржол ауруханасы енді Алматы қалалық әкімдікке қарайтын болады. Бұл туралы қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті хабарлады.

«ҚР үкіметі қаулы шығарды: Алматы теміржол ауруханасы» ЖШС мемлекет меншігінен Алматы қалалық коммуналдық меншігіне 100 % мөлшерінде ауыстырылсын», - делінген Қаржы министрлігінің ресми сайтында жарияланған үкімет қаулысында.

[caption id="attachment_7843" align="alignleft" width="1024"] Алматы Теміржол ауруханасы[/caption]

«Стратегиялық объектілерді иеліктен шығару» туралы қаулыға қатысты нақты түсінік берілмеген. Тек, меншіктің қала иелігіне берілуіне Алматы қаласы әкімінің өтінішхаты себеп болғаны айтылыпты. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бұл өтінішхатты премьер-министр Асқар Маминге 2020 жылдың 26 тамызында жазыпты.

Құжатқа сәйкес, қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу