freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Маңғыстау облысында 400-ден астам шетелдік ел аумағынан шығарылды

Оқиға
Маңғыстау облысында 400-ден астам шетелдік ел аумағынан шығарылды
Ашық дереккөзден

Маңғыстау облысында жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 2 401 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 442 адам ел аумағынан шығарылды, деп хабарлайды Malim.kz otpannews.kz-ке сілтеме жасап.

Өңірде бүгінде 15 734 шетелдік азамат тұрақты тұрып жатыр. Есепті кезеңде 509 адамға тұрақты тұруға рұқсат беріліп, дәл осынша адам Қазақстан азаматтығына қабылданған.

Құжаттандыру бағытында 30 918 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Сонымен қатар 11 мыңнан астам шетелдік уақытша тіркеуге алынды.

Сонымен қатар көші-қон заңнамасын бұзу деректері бойынша жекелеген қылмыстық құқық бұзушылықтар анықталды.

Полиция заңсыз көші-қон арналарын анықтау және жолын кесу бағытындағы жұмысты күшейтілген режимде жалғастырып жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу