freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Маңғыстауда ескі мешітті бүлдірген адамдар іздестіріліп жатыр

Оқиға
Маңғыстауда ескі мешітті бүлдірген адамдар іздестіріліп жатыр
Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы

Маңғыстауда белгісіз біреулер Түпқараған ауданында орналасқан Қапам ата жартасты мешітінің бастапқы келбетін өзгертіп, пластик терезе мен есік орнатып, тарихи-мәдени ескерткішке ерекше нұқсан келтірген, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақпараттың жазуынша, Түпқараған аудандық полиция бөлімі белгісіз тұлғаны анықтау бойынша жедел жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының мәліметінше, Қапам ата жартасты мешіті — Таушық ауылынан 22 шақырым солтүстік-батыс бағытта орналасқан. Нысан жұмсақ жынысты жартас қабатын қашау арқылы жасалып, ашық шөлейтті-далалы аймақтағы тік жартасты бөлікте орналасқан. «Қапам ата жартасты мешіті» тарихи-мәдени мұра объектілерін алдын ала есепке алу тізіміне енгізілген.

Заңдылықтарды басшылыққа ала отырып, тарихи-мәдени мұра объектісінің тарихи-мәдени маңыздылығын және сақталу дәрежесін анықтауға бағытталған зерттеу және жергілікті дәрежеде мемлекеттік қорғауға алу мақсатында 2025 жылы шілде айында тарихи-мәдени сараптама жасалды. Сараптама қортындысына сәйкес — тарихи-мәдени маңызы бары анықталды. Бұл кезде мешіт сол қалпында тұрды. Алайда, 2025 жылдың желтоқсан айында белгісіз біреулер бастапқы келбетін өзгертіп, тарихи-мәдени ескерткішке ерекше нұқсан келтірген, — деп жазылған хабарламада.

«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» заңына сәйкес, тарих және мәдениет ескерткішінің орнын ауыстыруға және оны өзгертуге тыйым салынады. Осы заңға сәйкес, қорық мамандары Түпқараған ауданы әкімдігіне, сонымен қатар Түпқараған ауданы полиция бөліміне анықталған құқық бұзушылық туралы хат жолдаған. Аудандық полиция белгісіз тұлғаны анықтауға кіріскен.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 145-бабына сәйкес, заң бұзушыға 10-нан 250 АЕК-ке дейін (43 250-ден 1 081 250 теңгеге дейін) мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Сондай-ақ, заңсыз құрылыс соны жүзеге асырған адамның есебiнен бұзылуға тиiс. 



https://kaz.inform.kz/news/mangistauda-kone-meshtt-buldrgender-zdestrlp-zhatir-f95e7d06

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу