freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

Қоғам
Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты
Фото: Маңғыстау облысы экология департаменті

Маңғыстау облысындағы «Күлжан» мұнай кен орнында 7 тамызда өрт шықты. Төтенше жағдай «Meerbusch» ЖШС-нің мұнай қабылдау пунктінде болған, деп хабарлайды Malim.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, көлемі 2 мың текше метрлік РВС №2 резервуарындағы түпкі шөгінділерді тазалау кезінде ЦА-320 цементтеу агрегатынан өрт тұтанған. Ол кезде резервуар бос болған, ішінде мұнай болмаған.

Өрт 19:20-да оқшауланып, 20:00-де толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазір нысан штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Алдын ала мәлімет бойынша, айтарлықтай материалдық шығын анықталмаған. Мұнайдың технологиялық жабдық пен нысан аумағынан тыс жерге төгілуіне жол берілмеген.

Оқиға туралы Маңғыстау облысының ТЖД мен Мемлекеттік еңбек инспекциясына хабарланған.

Өрттің нақты себебі, келтірілген залал көлемі және оқиғаға құқықтық баға нысанды тексеру аяқталғаннан кейін анықталады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу