Маңғыстау облысының білім басқармасы және “Қолдау” орталығы” жеке меншік мекемесі бірлесе отырып жүзеге асырып жатқан “Демеу+” әлеуметтік жобасы аясында 3 модульді эвристикалық оқытулар өтт, деп хабарлайды Malim.kz.
Екі күнге созылған оқыту курстары 18-19 қараша күндері Маңғыстау облыстық Қ. Сыдиықов атындағы әмбебап кітапханасы ғимаратының конференц залында 450 маманның қатысуымен өтті.
Қатысушылар қатарында өңірдің түкпір-түкпіріндегі, ауыл-аймақтарындағы әлеуметтік педагогтар мен психолог мамандар бар.
Курстарда 35 жылдық тәжірибесі бар психолог, Республикалық “Харизма” психологиялық газетінің редакторы, ғылыми еңбектер мен оқу құралдарының авторы Фатима Бизақова “Эмоционалды мінез-құлық мәселерін ерте анықтау әдістері” тақырыбында, БҰҰ ұлттық тренері, ҚР Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының үздік жас сарапшысы, суицидолог, психолог Сымбат Абдрахманова “Қауіп тобы балаларын қолдау стратегиясы” тақырыбында, педагог-психолог, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары қауымдастығының мүшесі, Халықаралық деңгейдегі тренер, жасөспірімдер мен ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету бойынша психолог-кеңесші Шарипова Алия Тілеубайқызы “Жасөспірімдерге психологиялық қолдау көрсету тәжірибесі” тақырыбында дәріс оқыды.