Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанға арнап ескерткіш тақта орнатылды

Қоғам
Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанға арнап ескерткіш тақта орнатылды
Фото: Астана әкімдігі

Астанада жарақат алған науқастарға шұғыл көмек көрсету барысында үстіне кондиционер құлап, аурухана төсегінде көз жұмған марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанға арнап ескерткіш тақта орнатылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ескерткіш тақтаның ашылу рәсіміне Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен Ұлдана Мырзуанның анасы Сәлима Ишанқұлқызы, туыстары және жедел медициналық жәрдем станциясының қызметкерлері қатысты.

«Ұлдана Қалдарханқызы 2017-2021 жылдары Астана қаласындағы «Даналық» колледжінде емдеу ісі мамандығы фельдшер біліктілігі бойынша білім алып, оқу орнын үздік дипломмен бітірген. Бүгін сол колледжде Ұлдананың атындағы арнайы аудитория ашылады. Оқу бітіргелі 4 жыл көлемінде өмірінің соңына дейін Астана қалалық Жедел медициналық жәрдем станциясында еңбек етті. Жас болса да, кәсіби адалдығымен көзге түскен және шұғыл жағдайларда өз бетінше шешім қабылдай алатын білікті маманға айналды. Ұлдана Қалдарханқызының туған-туыстарына, анасына, жақындарына, жұбайына, жедел жәрдем қызметкерлері ұжымына Қазақстандағы медицина саласында жұмыс істеп жүрген 300 мыңнан аса қызметкердің атынан, өз атымнан қайғырып, көңіл айтамын», – деді министр.

Еске салсақ, кәсіби қызметін атқару барысында ауыр жарақат алған фельдшер Ұлдана Мырзуан 18 қараша күні ауруханада қайтыс болған еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу