freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мәсімовке тиесілі самурай қылышы аукционда 1,5 млн теңгеге сатылды

Қоғам
Мәсімовке тиесілі самурай қылышы аукционда 1,5 млн теңгеге сатылды
sauda.e-qazyna.kz

Тергеу барысында тәркіленіп, мемлекет меншігіне берілген самурай қылышы электронды аукцион арқылы сатылды, деп хабарлайды Malim.kz.

от 29 сәуірде өткен сауда барысында 1,5 миллион теңгеге өтті.

Аукционға қойылған бұйым «қайтарылған активтерді басқару» жүйесі арқылы саудаға шығарылған. Сипаттамаға сәйкес, қылыш қынабымен бірге ұсынылған: жүзі болаттан жасалған, бойында терең емес ойығы бар, қынабы қара түсті материалдан, ал сабы сұр металдан жасалып, геометриялық өрнектермен безендірілген.

Сауда «бағаны көтеру аукционы» форматында өткен. Қатысушылар белгіленген қадам бойынша бағаны біртіндеп арттырып отырған, ең жоғары баға ұсынған сатып алушы жеңімпаз атанған.

Айта кетейік, бұл лот бұған дейін де бірнеше рет саудаға шығарылған. 2025 жылдың қарашасында қылыш 542 719 теңгеге сатылғанымен, жеңімпаз төлем жасамағандықтан мәміле күшін жойған. Ал 2026 жылдың ақпанында ол 3,4 млн теңгеден астам сомаға сатылғаны хабарланғанымен, бұл келісім де жүзеге аспаған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу