Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мәскеуде «Крокус Сити Холлдағы» теракт құрбандарының саны 139-ға жетті

Қоғам
Мәскеуде «Крокус Сити Холлдағы» теракт құрбандарының саны 139-ға жетті

Мәскеуде Crocus City Hall-дағы теракт құрбандарының саны 139-ға жетті. Бұл туралы Крокус-Сити Холлға жасалған шабуылдан кейін қабылданған шаралар туралы Владимир Путиннің қатысуымен өткен кеңесте тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкин мәлімдеді, деп жазды BBC.

Бұған дейін қайғылы оқиғадан 137 адам қаза тапқаны хабарланған еді. Бастрыкиннің айтуынша, 2 адам ауруханада қайтыс болған. Мәскеу облысының денсаулық сақтау министрлігі 182 адамның жараланғанын айтқан еді.  

Еске салайық, 22 наурызда Мәскеу іргесіндегі «Крокус Сити Холл» концерт залында теракт болды. Қаруланған бірнеше адам «Пикник» тобының концертіне келушілерді атқан еді. Теракт жасады деген күдіктілер қамауға алынды.

 

ФОТО: TASS

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу