Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мәскеуде Навальныйдың соты басталды

Саясат
Мәскеуде Навальныйдың соты басталды

Мәскеу соты оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың шартты жазасын түрмеге алмастыру туралы Қылмыстық жазаны атқару федералды қызметінің өтінішін қарауды бастады. Ведомства Навальныйды шартты жаза тәртібін бұзды деп айыптаған.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, сотқа іске қатысы бар адамдардан бөлек, ақпарат құралдары тізіммен кіргізілген. Оларға сот залында видео, фотоға түсіруге және тікелей эфирге шығуға тыйым салынған. Бұған дейін, Мәскеуде бірнеше көше жабылып, Навальныйдың ондаған жақтасын ОМОН ұстаған.

Оқи отырыңыздар: Навальныйдың жақтастары полицейлерді қармен атқылап тастады (видео)

Алексей Навальный Германиядан Ресейге 17 қаңтарда қайтып оралған. Ол "Навичокпен" уланғаннан кейін бірнеше ай Берлинде ем алған. Оны полиция Мәскеу әуежайында ұстап, кейіннен саясаткер сот шешімімен 30 күнге қамалған. Алексей Навальный қамалғанан кейін, Жемқорлықпен күрес фонды «Дворец для Путина» зерттеу филімін жариялаған. Оны бір аптаның ішінде 100 миллионнан аса адам көрген.

Алексей Навальный жақтастары қаңтардың 23-і мен 31-і күндері наразылық акциясына шығып, полиция бірнеше мың адамды ұстаған.

Оқи отырыңыздар: Мәскеуге оралған Навальныйды полицейлер ұстады

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу