freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мәжіліс төрағасы республикалық референдумда дауыс берді

Қоғам
Мәжіліс төрағасы республикалық референдумда дауыс берді
Фото: Мәжіліс

Мәжіліс төрағасы жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс беруге қатысты.

Мәжіліс спикері «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында орналасқан №128 учаскеде дауыс берді.

Көңіл-күйім жақсы. Бүгін барша қазақстандықтар мерекелік көңіл-күйде деп ойлаймын. Бұл өте маңызды күн, қазақстандықтар жаңа Конституцияға қатысты таңдау жасауға тиіс. 15 наурыз еліміздің тарихында айрықша күн ретінде қалатынына сенімдімін. Өз басым таңдау жасадым. Барша қазақстандықтарды сайлау учаскелеріне барып, өздерінің азаматтық борышын орындауға шақырамын, – деді журналистердің сұрақтарына жауап берген Ерлан Қошанов.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу