Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Меккеге қажылыққа барар кезде алданып қалмас үшін не істеу керек

Қоғам
Меккеге қажылыққа барар кезде алданып қалмас үшін не істеу керек

Ішкі істер министрлігі Мекке мен Мединаға, сол сияқты әлемнің басқа да елдеріне саяхаттар кезде алаяқ компаниялардан сақ болу керектігін ескертті. Бұл туралы Malim.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, қасиетті сапарды ұйымдастыруда сенімді компанияны таңдау маңызды. Алаяқтардың айласына түсіп, ақшадан айырылып қалмас үшін мынадай сақтық шараларын ұстану қажет:

  • Фирманың лицензиясын және ол туралы пікірлерді тексеріңіз. Мұндай сапарларды ұйымдастырумен айналысатын ресми туристік фирмалардың мемлекеттік лицензиясы болуы керек. Клиенттердің пікірлерін зерттеңіз. Туроператорлар әр туристке туркод ұсынуы тиіс.
  • Тым төмен бағаға қызығып, алданып қалмаңыз. Егер сізді төмен бағамен қызықтырса, асықпаңыз, мұндай ұсыныстар көбінесе алаяқтықпен байланысты болуы мүмкін. Түрлі турфирмалардың бағаларын салыстырып, олардың нарықтық бағаға сәйкестігін анықтап алғаныңыз жөн.
  • Құжаттар мен келісімшартты тексеріңіз. Барлық келісімшартты мұқият оқып шығыңыз. Әрбір тармаққа жіті назар аударыңыз, бұл келеңсіз жағдайлардың алдын алуға көмектеседі. Егер сізге бір нәрсе түсініксіз болса, маманмен кеңесуді ұмытпаңыз.
  • Байланыс деректеріне назар аударыңыз. Сенімді турфирманың әрқашан байланыс телефоны, электронды поштасы және нақты мекенжайы болады. Алаяқтар көбінесе байланыс деректерін көрсетпей, виртуалды парақшалардың артында жасырынуы мүмкін.
  • Тур бағдарламасын мұқият зерделеңіз. Турдың құнына не кіретінін анықтаңыз (ұшу, тұрғын үй, көлік, тамақтану, медициналық сақтандыру және басқа қызметтер).
  • Барлық қажетті шығындардың ескерілгеніне және кездейсоқ төлемдердің болмайтынына көз жеткізіңіз.

фото: pixabay.com 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу