Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мектеп оқушыларының киім үлгісі бойынша петиция жарияланды

Білім-ғылым
Мектеп оқушыларының киім үлгісі бойынша петиция жарияланды

Оқушылардың киім үлгісі бойынша заңға толықтыру енгізу жөнінде петиция жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Петиция авторларының мәлімдеуінше, қоғамда діни рәміздері бар киімге жол бермеу бойынша мектеп формасын сақтау міндеті заңнамалық деңгейде бекітілмеген, тек ақпарат мен қарапайым түсінік күйінде қалған. Ал заңға сәйкес білім алушылар мен ата-аналар міндетті мектеп формасына қойылатын уәкілетті органның талаптарын сақтауға міндетті.

Осыған байланысты болашақта заңның мәтініне міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар ұсынылады.

Орта мектеп оқушылары үшін киімнің кейбір аспектілерін нақтылауды қамтитын міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға толықтырулар енгізу ұсынылады. Аяқтың тобығын жабатын шалбар киюді құп көретін ұлдар мен қыздарға арналған шалбардың ұзындығын реттейтін талаптарға сәуекстендіріп, тізеден төмен болатын юбка ұзындығына және мойын сызығын жабатын сыртқы киімге қойылатын талаптарды қосу ұсынылады, делінген петиция мәтінінде.

Фото: Zakon.kz.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу