freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мемлекет басшысы бокстан Қазақстан құрамасын Азия біріншілігінде табысты өнер көрсетуімен құттықтады

Спорт
Мемлекет басшысы бокстан Қазақстан құрамасын Азия біріншілігінде табысты өнер көрсетуімен құттықтады

Президент Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өткен бокстан Азия біріншілігінде табысты өнер көрсеткен боксшыларды құттықтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтауында спортшыларымыз жалпы командалық есепте бірінші орынды жеңіп алып, отандық бокс мектебінің жоғары деңгейін көрсеткенін атап өтті.

Құттықтауда Оразбек Асылқұлов, Сабыржан Аққалықов, Нұрбек Оралбай, Айбек Оралбай, Надежда Рябец және Дина Исламбекова секілді спортшылардың жеңіс тұғырына көтеріліп, ортақ жетістікке зор үлес қосқанына назар аударылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің әлемдік жарыстарда көк байрағымызды биікте желбірете беруіне тілектестік білдірді.

Айта кетейік, Қазақстан бокстан Азия чемпионатында жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Ерлер мен әйелдер арасындағы нәтижені қосқанда қазақ былғары барлығы 13 медаль (6 алтын, 2 күміс, 5 қола) жеңіп алды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу