freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Мен де осыны бастан өткердім»: Ангелина Лукас Шайдоровқа қолдау білдірді

Оқиға
«Мен де осыны бастан өткердім»: Ангелина Лукас Шайдоровқа қолдау білдірді
Ашық дереккөзден

Қазақстандық танымал боксшы Ангелина Лукас жалақы төленбегенін айтқан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Nur.kz-тің жазуынша, боксшы Instagram парақшасында осы мәселеге байланысты жазба жариялаған.

«Михаил Шайдоровтың бес айға жуық уақыт бойы жалақы алмағаны туралы жағдайды оқыдым. Бұл мені таңғалдырмайды. Мен де Қазақстан құрамасында жүргенде осындай жағдайды бастан өткердім. Құраманың көшбасшыларының бірі болсам да, маған небәрі 50 мың теңге ғана төленетін. Ең қиыны — спортшы шындықты айтқанда немесе жүйеге қарамастан нәтиже көрсеткенде, қолдаудың орнына қысым, қудалау және тапсырыспен жазылған мақалалар басталады. Мен де мұны бастан өткердім: мен туралы ақпараттарды ортақ топтарға жіберіп, жаппай шабуыл жасауға шақырған», - деді Лукас.

Оның айтуынша, жетістіктері туралы айтылмай, әдейі төмендетіліп көрсетілген. Сондай-ақ боксшы Туризм және спорт министрлігінің басшысымен кездескенін, сол кездесуде қаржылай қолдау көрсетіледі деп уәде берілгенін, алайда жағдай өзгермегенін айтты.

«Ештеңе өзгерген жоқ. Ақпараттық тұрғыда да қолдау көрсетілмеді, керісінше, мені одан әрі тұқырта берді. БАҚ қолдамақ түгілі, жетістіктерімді әдейі төмендетіп, тарихи жеңістерімді жасырып келді. Мұның бәрі менің жетістіктерім мен нәтижелерім туралы мемлекет басшысы білмесін дегендей көрінді. Спорт министрлігінде кәсіби спорт қолдау таппайды дейді. Онда неге Жәнібек Әлімханұлы президентпен кездесті? Неге Шавкат Рахмоновқа мемлекет басшысы пәтер сыйлады?» - деді Лукас.

Бұған дейін мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Миландағы Олимпиада ойындарындағы жеңісінен бері жалақы алмағанын және дәрігерсіз қалғанын айтқан болатын. Оның сұхбатына Қазақстан Туризм және спорт министрлігі жанындағы Спортты дамыту дирекциясы пікір білдірген болатын. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу