Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Мені ешкім қолдамайды». Айсәуле Бақытбек желіде мәлімдеме жасап, көпшілікті ойландырып қойды

Шоу-бизнес
«Мені ешкім қолдамайды». Айсәуле Бақытбек желіде мәлімдеме жасап, көпшілікті ойландырып қойды

Үшінші баласына аяғы ауыр қазақстандық блогер әрі интервьюер Айсәуле Бақытбек өзінің Telegram-арнасында жазба жариялап, көпшілікті ойландырып қойды, деп хабарлайды Malim.kz.

Айсәуленің босанатын күні жақын, жас ана осыған байланысты қатты уайымдап жүрген тәрізді.

Менің жүйке жүйем сыр бере бастаған секілді. Мені ашуландыру үшін 2 минут жеткілікті. Шыдамым да, күшім де таусылды. Одан қалды мені ешкім түсінбейтін және қолдамайтын секілді. Еркелеткенін, сенің асты-үстіңе түскенін қалайсың, шын мәнінде бәрі «сен мықтысың, қолыңнан бәрі келеді» деп ойлайды, - деп жазды Бақытбек.

Екі баланың анасы бұл жолы басқа сезімді бастан кешіріп жатқанын да алға тартты.

Жүкті болып жүрген ұнайтын әйелдердің қатарынанмын. Құдды аспанда ұшып жүргендей күй кешетінмін. Бірақ бұл жолы бәрі басқаша. Мен шаршадым ба, айналамдағылар жалықты ма, білмеймін, - деді ол.

Фото: instagram.com/aissaulebakytbek 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу