Әнші Меруерт Түсіпбаева өзін отандық телеарналардан шеттетілгені туралы мәлімдеме жасаған еді. Журналист Гүлмира Әбіқай әншіге араша түсті, деп хабарлайды Malim.kz Sn.kz сайтына сілтеп.
Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлімдеді.
«Масқара, өнердегі қара тізім әлі бар ма не? Мынау ұят қой? Мәдениет және ақпарат министрлігі, ресми жауап күтеміз. Баяғыда осы тв-ға ананы салып, мынаны алып әуре болып жатушы еді. Мұндайдан Меруерт Түсіпбаева бағасы артпаса түспейді», — деп пікір білдірді ол.
