freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мінез көрсеткен жалғыз Левит

Спорт
Мінез көрсеткен жалғыз Левит

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Василий ЛЕВИТ Азия чемпионатында жеңіп алған күміс жүлдені марапаттау рәсімінде тағудан бас тартты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Дубайда өткен турнирде 91 келідегі финалында ол төрешілердің даулы шешіміне тап болды. Жеңіс пен алтын жүлде үндістандық боксшы Санжитке берілді. Қазақстандық боксшы жүлдені алмау арқылы бұл шешіммен келіспейтіндігін білдіргенге ұқсайды. 

Қостанайлық спортшы үш рет Азия чемпионы болған қазақстандық жалғыз боксшы. Ол құрлықтық жарысты 2009, 2015 және 2017 жылдары жеңіп алған. Ал 2019 жылы ол бұл турнирдің қола жүлдегері болған.Левит 2016 жылғы олимпиада ойындарында да әділетсіздікке тап болып, күміс жүлдені қанағат тұтты.

Кеше аяқталған Азия чемпионатында финалға шыққан бес боксшымыздың ешқайсына алтын бұйырмады. Левитттен бөлек, күміс жүлдені Даниял Сәбит (49 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Әбілхан Аманқұл (75 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев (+91 келі) иеленді. Сәкен Бибосынов (52 келі) қола жүлдегер. 

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу