Мәдениет және ақпарат министрлігінің заңгерлері істі болған ҚазТАГ пен «Орда» редакцияларына көмектесу үшін істі егжей-тегжейіне дейін қарап жатыр. Мәжіліс дәлізінде Аида Балаева журналистердің сұрақтарына жауап бергенде осыны айтты, деп хабарлайды КазТаг ақпарат агенттігі.
Orda.kz пен ҚазТАГ-қа қатысты сот ісін қадағалайтынын, заңгерлердің осы іспен айналысатынын айтты. Ол Бажкенованы министрліктен қаражат алмай, өз бетінше жұмыс істесе де, қолдап жүретінін жеткізді.
«Біріншіден, егер сот процессі болса немесе қылмыстық істер қаралып жатса, біз оған тікелей қатыса алмаймыз. Десе де, біздің заңгерлер осы жағдайды егжей-тегжейіне дейін қарап жатыр. Біз Әсет Матаевпен байланыстамыз. Бажкенованы өздеріңіз білесіздер. Қанша жыл ол біздің министрліктен қаражат алмаса да, мен Гүлнәр Бажкенованы әрдайым қолдап жүретін адаммын. Ол өзі де бірнеше сұхбаттарында «Аида Балаева қолдап жүр» деп айтты. Бұл жерде заң тұрғысынан қарауымыз керек. Біздің заңгерлер олармен жұмыс істейді», – деді Аида Балаева.