freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Министрлік ойын бизнесі нысандарына қатысты жаңа ережелер бекітті

Қоғам
Министрлік ойын бизнесі нысандарына қатысты жаңа ережелер бекітті
depositphotos.com/ minoandriani2

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың 2026 жылғы 20 сәуірдегі бұйрығымен ойын бизнесі нысандарының жұмыс істеу ережелеріне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Malim.kz.

Жаңа талаптарға сәйкес, Қазақстан аумағындағы бірқатар аймақта орналасқан казино, ойын автоматтары залдары, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларға тек шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар ғана кіре алады. Аталған шектеу ішкі нарықтағы ойын бизнесін реттеу және заңнаманы жетілдіру мақсатында енгізіліп отыр.

Шектеу қойылған аймақтар:

Маңғыстау облысы – Каспий теңізі жағалауы

Жетісу облысы – Панфилов ауданы және Алакөл жағалауы

Алматы облысы – Талғар ауданы

Шығыс Қазақстан облысы – Марқакөл және Зайсан аудандары

Сонымен қатар бұл нысандарға тек қызметтік міндетін атқарып жүрген қызметкерлерге ғана кіруге рұқсат етіледі.

Бұйрық 2026 жылғы 17 мамырдан бастап күшіне енеді. Өзгерістер «Ойын бизнесі туралы» заң талаптарына сәйкестендіру мақсатында енгізілген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу