Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Министрлік тұрғындардың үрейін ұшырған дабылға қатысты түсініктеме берді

Қоғам
Министрлік тұрғындардың үрейін ұшырған дабылға қатысты түсініктеме берді

Бүгін Астанада қала тұрғындары мен қонақтарының смартфондарында Ұлттық ескерту іске қосылды. Бұл туралы ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Malim.kz хабарлайды. 

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл ескерту тестілеу режимінде жүргізілді.

Қазіргі уақытта Астана қаласының Cell Broadcast технологиясы бойынша Төтенше жағдайлар кезінде жаппай құлақтандыру жүйесіне қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Бұл ескерту тестілеу режимінде жүргізілді. Уайымдамауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз, — деп түсіндірді ведомство.

Фото: vk.com 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу