freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мюнхенде Ресей–Украина соғысы талқыланды: «Томагавк зымырандары қайда?»

Әлем
Мюнхенде Ресей–Украина соғысы талқыланды: «Томагавк зымырандары қайда?»
Фото: Michael Bihlmayer/CHROMORANGE/picture alliancе

Мюнхен қауіпсіздік конференциясында Ресейдің Украинаға қарсы соғысын тоқтату жолдары тағы да негізгі тақырыптардың біріне айналды, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

АҚШ сенаторлары Линдси Грэм мен Ричард Блюменталь санкциялар мен «Томагавк» зымырандарын жеткізу мүмкіндігін атап өтті, ал украиналықтар уәде етілген көмектің қайда екенін сұрады.

Бұл соғыс Мюнхен форумында бесінші рет талқыланып отыр. 2022 жылғы ақпанда, Ресей басқыншылығына бірнеше күн қалғанда, оның қаупі сөз болса, кейінгі жылдары соғысты тоқтату жолдары қарастырылуда. Биыл 13 ақпанда Бавария астанасында ашылған үш күндік форумның алғашқы күнінде осы тақырыпқа екі бөлек пікірталас арналды.

Біріншісі «Ресейдің жағдайына», екіншісі Украинаға қауіпсіздік кепілдіктеріне арналды. Екі талқылау да негізгі залда емес, шамамен 100 адам сыятын шағын public square форматында өтті. Украина туралы пікірталас Франция президенті Эмманюэль Макронның сөз сөйлеуімен қатар келгендіктен, залдағы көрермендердің бір бөлігі басқа алаңға ауысты.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу