Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Михаил Шайдоров Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Спорт
Михаил Шайдоров Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров 2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында үшінші орын алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Мәнерлеп сырғанаушы еркін бағдарламада 169,26 ұпай жинады. Жалпы ұпай саны – 246,01. Бұл нәтиже Шайдоровқа қола медаль әкелді.

Жарыста жеңіске Оңтүстік Корея спортшысы Ча Джун Хван жетті – 281,69 ұпай. Ал күміс жүлдені жапондық Юма Кагияма иеленді – 272,76 ұпай.

Диас Жиренбаев 186.18 ұпаймен тоғызыншы орын алды.

Айта кетейік, Қазақстан соңғы рет Азия ойындарында бұл спорт түрінен 2017 жылы медаль алған еді. Ол кезде Элизабет Тұрсынбаева қола жүлдегер атанған болатын.
Фото: Olympic.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу