freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мобильдік аударымдарды тексеру: кімдерге айыппұл салынады?

Қоғам
Мобильдік аударымдарды тексеру: кімдерге айыппұл салынады?
Коллаж: Kazinform

Мобильдік аударымдарды тексеру нәтижесінде әзірге жеке тұлғаларға да, жеке кәсіпкерлерге де айыппұл салынбаған. Бұл жөнінде Мәжіліс кулуарында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді. 

Оның сөзінше, алғашқы тоқсандағы мобильдік аударымдар бойынша деректер сәуір айында түскен. Олар өңделген соң, азаматтарға мамырдан бастап салық жөнінде хабарландырулар жіберіле бастаған.

Вице-министрдің түсіндіруінше, хабарламаны әртүрлі санаттағы азаматтар — кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлғалар және әртүрлі салық режиміндегі кәсіпкерлер — алып жатыр.

— Жеңілдетілген салық режимінде жұмыс істейтін кәсіпкерлер бар. Олар алғашқы жарты жылда есебін өткізуі керек. Сомадағы айырмашылықты декларацияда толықтыра алады. Не болмаса, жалпы бекітілген режимде қызмет ететін жеке кәсіпкерлер бар. Олар декларацияны жыл соңына дейін тапсырады. Демек, аталған соманы құжатқа енгізе алады, — деді ол.

Сонымен бірге, Ержан Біржанов министрлік азаматтарға кірістерін көрсету керектігін ескертетінін айтты.

— Әзірге ешқандай жеке тұлғаға не жеке кәсіпкерге айыппұл салынған жоқ. Біз оларға мүмкіндік бердік. Алдағы декларацияларында түзете алады, — деді ол.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу