Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мойнына гір тасын байлап, өзенге батырып жіберген. Қылмыс жасаушыларға жаза тағайындалды

Қоғам
Мойнына гір тасын байлап, өзенге батырып жіберген. Қылмыс жасаушыларға жаза тағайындалды

Ағайынды жігіттер алдын ала сөз байласып, адам өлтірген және үйінде заңсыз оқ-дәрілерді сақтап келген. Сот оларды  15 және 16 жылға бас бостандығынан айырды.

Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ағайынды К.А. мен К.Д-ға қатысты алдын ала сөз байласу арқылы пайдакүнемдік ниетпен адам өлтіру және заңсыз оқ-дәрілерді иемдену және сақтау бойынша қылмыстық істі қарады.

«Ағайынды К., жәбірленуші Ж.-дан сатып алынған үйдің құнын төлемеуді ұйғарған. Сөйтіп алдын ала сөз байласа отырып пайдакүнемдік ниетпен әлгі азаматты өлтіруді ойластырған. Оны Железин ауданы Пятерижск ауылындағы өзен өткеліне апарып, қолын буып, денесіне салмағы 16 килограмм гир тасын байлап, суға батырып жіберген. Сонымен қатар К.А.-ның үйін тінту кезінде старттық тапанша мен атыс оқтары табылды», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Сот К.А.-ға қылмыстардың жиынтығы бойынша 16 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны белгілесе, ал К.Д.-ны 15 жыл мерзімге темір тордың ар жағына жөнелтті.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. Еске сала кетейік, сот орындаушылары қызметінің 80 пайыздан астамы электронды форматта жүзеге асырылады.  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу