freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мүфтият тойдағы даулы жайтқа қатысты мәлімдеме жасады

Қоғам
Мүфтият тойдағы даулы жайтқа қатысты мәлімдеме жасады
Рixabay/Simoneph

"Музыка – харам, әншілер – шайтанның азаншысы" деген ер адамның тойдағы "уағызынан" кейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Malim.kz.Sputnik Қазақстан-ға сілтеп.

Мүфтияттың хабарлауынша, ислам діні даналықпен насихат айтуға, өзгелерді ауыр сөзбен айыптамауға, біреудің ар-намысына құрметпен қарауға үндейді.

"Сондықтан қандай да діни мәселеге қатысты өнер өкілдерін жалпылама айыптау немесе оларға ауыр сипаттама беру дұрыс емес. Сонымен қатар аналарымызды, қыз-келіншектерді бейәдеп сөзбен кемсіту де өрескел қателік деп санаймыз", - делінген мәлімдемеде.

ҚМБД адамды арсыздыққа, азғындыққа және шариғат тыйым салған істерге үндейтін әндерді дініміз құптамайтынын атап өтті.

"Алайда дініміз бен дәстүріміздің асыл құндылықтарын дәріптейтін, Отанды қорғауға, ата-ананы қадірлеуге үндейтін, адамгершілік пен ізгілікке шақыратын әндерге рұқсат берілетіні жайында Ислам ғалымдарының пікірі бар", - дейді мүфтияттағылар.

Бұған дейін желіде ер адамның тойда "еркектер мен ұрғашылардың бірге отыруы" дұрыс еместігін, сондай-ақ "әншілерді шайтанның азаншысы" деп тілектің орнына уағыз айтқан айтқан видеосы тараған еді. Бұл жағдай қазақстандықтар арасында қызу талқыға түсті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу