freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мұғалімдердің жүктемесі жеңілдетіледі

Қоғам
Мұғалімдердің жүктемесі жеңілдетіледі
Фото: gov.kz

Енді мұғалімдер эссе жазу, ғылыми мақалалар жариялау, авторлық бағдарламалар әзірлеу және оқу-әдістемелік материалдар жинау міндетінен босатылады. Бұл туралы аттестаттаудың пилоттық жобасы жөнінде түсінік берген Оқу-ағарту вице-министрі мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Вице-министр Шынар Ақпарова бұл құжаттардың басым бөлігі оқу процесіне нақты әсер етпейтінін, тек қосымша жүктеме болғанын атап өтті. Сонымен қатар жаңа жүйеде ашық сабақтардың саны да азаяды.

Мысалы, педагог-модератор бұрынғыдай 25 емес, енді небәрі 4 ашық сабақ өткізеді. Бұған қоса, барлық санаттағы мұғалімдер үшін біліктілікті арттыру курстарының сағаты да қысқартылмақ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу