ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдердің жұмыс жүктемесіне қатысты маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Malim.kz.
Министр бұл туралы Qazaqstan ұлттық арнасындағы "Бас тақырып" бағдарламасында айтты. Оның сөзінше, ұстаздың басты міндеті – сапалы сабақ беру, ал сабақтан тыс жұмыстар нақты реттелуі тиіс.
"Қазір заң жүзінде мұғалімдердің апталық жүктемесі 16 сағат деп белгіленген. Қалған уақытты педагог өзін-өзі дамытуға, кәсіби өсуі мен шығармашылығына арнауы қажет. Өкінішке қарай, кейбір жағдайда жергілікті әкімдіктер ұстаздарды шырша құру секілді бөгде жұмыстарға тартып жатады. Мұндай жайттар қоғамда резонанс тудырып, халықтың өзі мұғалімдерді қорғап отыр", – деді министр.
Айта кетейік, бұл мәлімдеме педагогтер қауымының көптен бері көтеріп жүрген мәселесіне жауап ретінде айтылып, ұстаздар арасында оң қабылданды.